АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Үшінші кандидат кім?[:]

[:kz]

ҚР Кәсіподақтар федерациясының атқарушы комитеті екі кандидатты ұсынды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Алайда ұсынылған кандидаттардың бірі Мұхтар Тінікеев сайлауға қатысудан өз еркімен бас тартты. 

— Мені сайлауға кандидат ретінде ұсынуға ешқандай негіз жоқ. Себебі менің қазақ тілімнің деңгейі сайлауға қатысуға мүмкіндік бермейді, — деп түсіндірді федерация төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының атқарушы комитеті ұсынған екінші үміткер — Амангелді Таспихов. 

Амангелді Таспихов

ⒸInformburo.kz

 

Амангелді Таспихов 1959 жылы 20 қарашада Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Негізгі мамандығы – инженер-механик. 1998-2002 жылдары парламент сенатының депутаты, 2004-2007 жылдары мәжіліс депутаты болды. Кейін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты қызметін атқарды. Қазір ол Батыс Қазақстан облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы.

 

«Қамшы» сілтейді

[:]