[:kz]
Отандық танымал әнші Жеңіс Ысқақова жақында ғана тұрмысқа шыққан өнердегі құрбысы Шахизада Байбатжанованы ерекше құттықтады. Эстрада жұлдызы оған өз ақ тілегін жолдап, бұл некесінің баянды болуын тіледі деп жазады KAZ.NUR.KZ. Жеңіс Ысқақова осыдан бір апта бұрын отау құрған Шахизаданы өзі жеке құттықтап үлгермеген болып шықты. Сол себепті, әнші «Опмай-опмай» бағдарламасына сұхбат берген сәтті пайдаланып, оған өзінің ізгі тілегін жеткізіду жөн көрген. «Шынымды айтсам оны құттықтап үлгерген жоқпын. Осы түсірілімнің өзіне ауруханадан келіп тұрмын. Пандемия емес, өзімнің басқа жүрек ауруларына байланысты қаралдым. Өзімнің проблемаларыммен жүремін деп үлгермедім. Осы сәтті пайдаланып құттықтап өтейін. Шахизада құрбым бақытты болсын. Әрбір адам, әрбір әйел бақытты болуға лайықты. Бізде «ұят болады» деген шектеу бар. Соған қарамастан, соны бұзып жарып шығу ерлік.
Шахизаданы жақсы білемін. Ол жас кезінен еңбекқор жан. Бірінші және екінші күйеуімен де тағдыр солай жазса, тағдырдың салған ісіне ештеңе істей алмайсың. Тағдыр маңдайына екі күйеуінен бақыт бермесе, ел кезегі үшке дейін демекші енді үшінші күйеуінен бақыт көрсе екен деймін. Бақытты болса екен деймін, өзін әйел секілді әлсіз жан болып сезінсе екен деймін. Осы махаббатың мәңгілік болсын», — деп тілегін жолдады Жеңіс Ысқақова.
[:]