АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Үшкемпіров, Үмбетқызы, Ахмедиярұлы: Алматы көшелеріне танымал тұлғалардың есімі берілді [:]

[:kz]

 

Алатау, Бостандық және Медеу аудандарындағы көшелерге көрнекті мәдениет және ғылым қайраткерлерінің есімдері берілді. Бүгін қалалық мәслихат депутаттары олардың аттарын бекітті, деп хабарлайды Алматы әкімдігі баспасөз қызметі ресми Telegram арнасында.

Алматы көшелеріне есімі берілген тұлғалардың арасында қазақ Олимпиада ойындарының алғашқы чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, композитор Роза Үмбетқызы, академик және композитор Ғазиза Ахметқызы, Қазақ КСР Халық әртісі Роза Үмбетқызы, ақын және публицист Мәшһүр Жүсіп, этнолог және шығыстанушы Лев Гумилев және басқа да көрнекті қайраткерлер бар.

Сондай-ақ көшелердің бірінің атауы Түркияның бұрынғы премьер-министрі, саясаткер Аднан Мендереске берілді. Ол ХХ ғасырдың ортасында Түркияға қоныс аударған отандастарымызға көмек көрсеткен.

Көшелер «Нұркент», «Ерменсай», «Нұр Алатау», «Нұрлытау» және «Алатау» ықшамаудандарында орналасқан.

kaz.nur.kz

 

[:]