АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Ұсқынсыздар циркі»: Риддер тұрғындары адам көргісіз мүсіндерді келеке қылуда[:]

[:kz]

«Құдай біледі, осы мүсіндерді жасауға қомақты қаржы бөлінген шығар»,- деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Риддер қаласындағы Тәуелсіздік алаңында орналасқан түрлі мүсіндер жергілікті халықтың наразылығын тудыруда. Тұрғындар ертегі кейіпкерлері мен мультфильмдердегі танымал образдардың мүсінін көріп әжуалады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 
 
Желтоқсан айының соңына таман Риддердегі Тәуелсіздік алаңында Аяз Ата мен Ақшақар, Аю мен Маша, Тышқан мен Мысық, Арыстан секілді ертегі, мульфильм кейіпкерлерінің  қардан жасалған мүсіндері пайда болған. Десе де, жаңа мүсіндер көпшіліктің көңілінен шығып, көзтойдырмағанға ұқсайды. Тіпті, мүсіндердің тартымсыздығын байқағандар оны «Ұсқынсыздар циркі» деп мазақтауда.

@riddervsegda парақшасының иесі мүсіндердің суретін желіге жүктеген. Түрлі-түске малшынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндерін қырағы көздерімен байқап қалған желі қолданушылары сурет астына толассыз пікір қалдырып жатыр. 

Мәселен,»Мектепте оқығанымызда бізге қардан мүсіндер жасауға мәжбүрлейтіні секілді. Мектеп оқушылары арасында байқау да болған. Шынына келгенде, мектеп оқушыларының жасаған мүсіндері мынадан әдемірек», «Қала тұрғындары үшін жүрегің ауырады. Бізге ертегі қойылымдарын қояға келеді, қарауға қорқасың»,»Ағаштан жасаған азаматтыкі 100 есе әдемі», «Боямағаны жақсы еді», «Бұл жиіркенішті», «Құдайым-ау, мынау не масқара!?», «Осы мүсіндердің қасынан өтіп бара жатқанымда бір әженің ақшақардың мүсінінің кемпірге ұқсайтынын айтып қалды. Шынымен солай, Ақшақар кемпірге ұқсайды», «Құдай біледі, осы мүсіндерді жасауға  қомақты қаржы бөлінген шығар»,- деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

 Естеріңізде болса, осыған дейін Семей қаласында Мәншүк Мәметоваға арнап ағаштан ойып жасалған ескерткіш те көпшіліктің наразылығын тудырып, артынан ол мүсін бастапқы қойылған жерден басқа аумаққа ауыстырылатын болған еді.

 

[:]