[:kz]
Алматыда Елшін Жанерке мен Елшін Ақмаралдың гивіне қатысып, көлік ұтып алдым деген азаматif бір айдан бері ұтысын ала алмай жүргенін айтты. Ол Елшіндер мені алдады деп есептейді. Күні кеше Сарыағаштағы Ташкен ауылының тағы бір тұрғын хабарласып, өзінің алданғанын айтты.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Балжан есімді тұрғын гив қатысам деп өзінің алданғанын айтты.
Қазір жаттанды сөзді айтып байқау ұйымдастырғыш блогерлер көп. Гив ойындарының танымал болғаны сонша блогерлер мен айти мамандары жеңімпазды анықтайтын түрлі бағдарламалар ойлап тапты.
Қалаулым бағдарламасна қатысып, кейін танымал болған Елшін Жанерке мен Ақмарал 13 желтоқсан күні гив ойнатты. Олар ұтысқа көлік қойды. Ойын жеңімпазы арнайы генератор көмегімен анықталуы тиіс еді. Ойында Жанна Мәлікқызы жеңімпаз атанған. Жеңімпаздар тізімі сол кезде-ақ жарияланды. Алайда Жанна көлікті алмағанын айтты.
Айти маман кез келген жағдайда ұтыс бір адамға ғана шығатындай етіп жасауға болады дейді.
Ал Ақмарал Елшін өздерінің де алданғанын айтып ақталды.
Заңгерлердің айтуынша, ойынға қатысқанда еш шығын шықпағандықтан көлікті талап етуге еш құқығы жоқ деп есептейді. Мамандар осы себепті қарапайым халыққа ешқандай гивке қатыспауға кеңес береді.
«Біз Жанна ханымға өз қалтамыздан 1 млн теңге жібердік. Біз де алданып отырмыз. Ұйымдастырушылар табылды», — деді Ақмарал Елшін.
Алматы полициясы ұйымдастырушыларға қатысты тергеу бастады.
Stan.kz ақпарат агенттігі.
[:]