[:kz]
Қазақ тілінің қорғаушысы болып жүрген Оғыз Доғанды Air Astana ұшаққа кіргізбей қойды. Өйткені ол қара тізімде тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы түрік азаматы ол сәтті телефон камерасына түсіріп өз желідегі парақшасында бөлісті. Әуежайда тіркелуден өтпекші болған оның қара тізімде екенін айтып, ұшаққа кіргізбей қойыпты.
«Біз сендерді барлық елдің алдында тізе бүктірдік. Компенсация төлеттік. Бұл не деген сұмдық? Қандай ұят! Мені ұшаққа неге қабылдамайсыңдар? Ұшақ ұшайын деп жатыр. Кішкентай баламен осында тұрмын. Заң алдында мені жазалай алмай, әдепсіздікпен жазалап отырсыңдар. Қара тізімде екенмін, неге саттыңдар билетті», – деді Оғыз Доған.
[:]