АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Үздік куәлік үшін 15 000 теңге сұрады: шымкенттік түлек кілең «5-пен» оқып, мектепті үздік бітіре алмаған[:]

[:kz]

Мария Мырзахан есімді Facebook қолданушысы Шымкент №102 мектепте жемқорлық етек жайған деп дабыл қақты. Айтуынша, мектепті кілең «беспен» бітірген сіңлісі пара бермегені үшін үздік куәліктен де, үздік аттестаттан да қағылыпты. Сондағысы, сынып жетекшісінің сұрағаны 15 мың теңге деп жазды ол әлеуметтік желідегі «Қазақстан ұстаздары» тобында.

Жазба авторының сіңлісі (әпкесінің қызы) Таңшолпан Құтжан 9-сыныпты бітірер кезде оның анасын класс жетекшісі шақыртып алып, «Үздік куәлік» үшін 15 000 теңге қажет екенін айтқан көрінеді. Қызының парасыз-ақ жақсы оқитынын білген әйел ақша беруден бас тартыпты.

«Өз қызының жақсы оқып жүргенін білген соң, екінші жағынан 11-сыныпты жалғастыратын болғандықтан анасы 15 мың теңгені бермеді. Биыл қызы 11-ді бітіріп отыр. Қызының бар пәннен 5-тік баға бола тұра не себепті үздік аттестат берілмегенін сұрап барғанда, сынып жетекшісі мен мектеп директоры «сіз 9-сыныпта үздік куәліктен бас тарттыңыз, ал үздік куәліктен бас тартқандарға 11-сыныпта үздік аттестат та берілмейді» деп жауап берген. Осыған ренжіген сіңлім өмірінде бір-ақ рет болатын мектеп бітіру кешіне қатыспай, сен маған 15 000 теңгені қимадың ба деп, анасына ренжіп отыр», — дейді Мария Мырзахан әлеуметтік желідегі жазбасында.

Қызығы сол, Құтжанның сынып жееткшісі 9-сыныпты бітіргендегі куәлік пен аттестатты ҰБТ тапсыратын күні ғана әкеп беріпті.

«Көңілге күдік ұялататыны, 9-сыныптың куəлігінде физика жəне бейнелеу пəнінен 4 койылған. Егер екі пәннен төрттік болса неліктен анасын шақыртып, қызыңызды үздік куәлікке дайындап жатырмыз деп ақша сұрайды? Сонда ақша бермегені үшін 2 пәннің бағасын өздері өзгерткен болып тұр ма? 11-сыныптың аяғына дейін оқушыға сен үздік аттестат аласың деп құлағына құйып келіп, жыл соңында анасына сіз 9-сыныпта одан бас тартқансыз деп айтқан. Менің білуімше, соңғы шыққан бұйрық бойынша жылдық бағасы барлық пəннен 5-ке шықса оқушыға үздік аттестат берілу керек. Мына аттестатта барлық пəннен 5 бола тұра үздік бермеген. Сонда баланың 11 жыл оқыған еңбегі қайда?» — дейді жазба авторы.

Мария Мырзаханның өзі де БҚО-да мектепте мұғалім боп жұмыс істейді екен. Педагогтар арасында оқушылардан ақша жинау, сыйлық алу сынды жемқорлық белгілері әлі де тыйылмай отыр дейді ол. Соның бір мысалы ретінде шымкенттік сіңлісінің аттестатының фотосуретін желіге жүктеген. Онда Таңшолпанның мектепті расымен де кілең «бестік» бағамен бітіргені көрініп тұр. Алайда, соған қарамастан оған үздік аттестат берілмепті.

sn.kz

[:]