АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Ужас, тут – океан!»: Нұр-Сұлтан көшелерін су басты (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Нұр-Сұлтанда екі күн жаңбыр жауып салдарынан қала көшелерін су басты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша қазіргі уақытта әлеуметтік желіде қала көшелерінің әр жерінен түсірілген видеолар көптеп таралып жатыр. Көліктің ішінен сондай видеоның бірі Иманов көшесі бойында түсірілген.

Видеодан су деңгейі жеңіл көліктің бел ортасына дейін жетіп тұрғанын және бірнеше машинаның жол ортасында тұрып қалғанын байқауға болады. Сондай-ақ видео авторы «Ужас, тут – океан!» деп эмоциясын жеткізіп жатыр.

Су басқан көшелердің суреттері де әлеуметтік желіде жетерлік.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйене отырып, бүгін таңертең және күндіз найзағай ойнап жаңбыр жауатындығын хабарлаған болатын. Жаңбыр ертеңге де ұласады. Тіпті бүгін бұршақ түсуі де ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысқанда екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Бүгін күндізгі ауа температурасы 10-12 градус жылы.

[:]