АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Вакцинацияға мәжбүрлесе көшеге шығып, қару алып соғысамын» — Балғынбек Имашев[:]

[:kz]

 

«Құрамы белгісіз вакцина салуға мәжбүрлесеңдер Қазақстанның азаматтығынан бас тартамын» жұртты дүрліктірген айтыскер ақын Балғынбек Имашев енді қолына қару алып, соғысқа дайындалып жатқанын айтып тағы бір пост жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Нақты айтар болсақ, айтыскер ақынымыз ел үкіметі жер сату, вакцинаға мәжбүрлеу секілді халықтың мүддесіне қайшы келетін заңдарды қабылдануын қоймаса көшеге шығып, қару алып соғысуға даяр екенін білдірген. 

«Алдыңғы поста айтпақ болғанымның жартысы сыймай қалды. Көршілер көтеріліп жатыр. Кәпір тоқ болса, мұсылман тыныш демекші, көршінің шуы бізге естілмей, жаңғырық бермей қалмайды. Ендеше, етек-жеңді қымтап, толғақты мәселерді шешуді тездетіп қолға алу қажет. Қазақ көшелі халық болған соң көшеге шығару оңай емес. Парламент сайлауы ма, Президент сайлауы ма, бізге аса маңызды емес. Бірақ, дәл мына мәселелерде қазақ баласын үйінде отырғызу да мүмкін болмай қалады:

1. Жер дауы (ол жерді шетелдіктерге сату ма, жалға беру ма, көрші елдер тарапынан агрессия ма, ұлтаралық кикілжің т.б.)

2. Жесір дауы (отбасы құндылығы, бала, жыныстық гендерлік саясат, вакцинация т.б)

Егер шын халықтың жоғын жоқтасаңыздар, халыққа жақындаймыз, халық үнін еститін боламыз десеңіздер, ең әуелі, Ата Заңдағы тіл туралы бапты дұрыстаңыздар!

Одан кейін халықтың мүддесіне қайшы заңдарды қабылдау түгілі талқылауды тоқтатыңыздар.
Тіл түзелмей діл түзелмейді,
Дін түзелмей дым түзелмейді», – деп атап өткен ол өзінің Instagram парақшасындағы жазбасында.

 

Тағы бір айта кетерлігі, желі қолданушыларының бірі Балғынбек Имашевке осы жазбасына байланысты «Нақты айтыңызшы, көшеге шығасыз ба?» деп сұрақ қойған. Бұл сұраққа айтыскер ақын «Осы заң қабылданса, өзім ғана емес, елді үгіттеп, өзім бастап шығам. Жер сатылса, вакцинацияны мәжбүрлесе, қазақ жеріне бірек қол сұқса, көше түгілі, қару алып соғысуға дайынмын», – деп жауап берген. 
 

 

[:]