[:kz]
Коронавирусқа шалдыққан Ақтөбе тұрғыны жайлы қосымша деректер пайда болды. Азаматша Испаниядан Мәскеу арқылы ұшып келген болатын. Онымен бірге ұшақта неше жолаушы болғаны, және олардың қонғаннан кейін қандай қалаларға кеткені анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әйел адам және оған жақын отырған 4 жолаушы әуежайдан бірден жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген деп жазды «Диапазон».
22 наурызда Ақтөбе тұрғынынан коронавирус анықталғаннан кейін ұшақта болған 41 адам оқшауланды.
Алайда, сол рейспен ұшып келген тағы 17 жолаушының Қазақстанның түкпір-түкпіріне жол тжүріп кеткені анықталды – Алматы, Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Шымкент, Қостанай, Қарағанды, Орал.
Аталған қалалардағы мамандарға ол адамдарды карантинге жатқызу керектігі жөнінде хабарланды.
Санитарлық дәрігерлердің ақпарынша, Мәскеуден ұшып келген экипаж мүшелері де қазір Ақтөбеде емес.
Вирус анықталғаннан кейін әуежай қызметкерлері мен санитарлық дәрігерлер тексеруден өткізілді.
Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасында мәлім еткендей, инфекцияға шалдыққан науқастың жағдайы тұрақты. Өңірде ауру жұқтырған өзге адамдардың жоқ екені хабарланды.
Белгілі болғандай, әйел адам алдымен Мәскеуде тексеруден өткен. Алайда, одан ешбір аурудың белгілері байқалмаған.
Ұшақ Ақтөбеге қонған кезде де оның дене қызуы қалыпты температураны көрсеткен. Дегенмен, 1А санатына жататын елден келгені үшін ол бірден оқшауланған. Ал кейіннен оның анализдері COVID-19 инфекциясының бар екенін көрсетіпті.
Еске сала кетейік, 22 наурыз күні Испаниядан Мәскеу арқылы Ақтөбеге ұшып келген жолаушыдан COVID-19 инфекциясы анықталған еді
[:]