[:kz]
Сарапшылар, «Facebook», «ВКонтакте» секілді сайттарға ән, сурет жүктерде, қыл аяғы, біреудің жазбасына «лайк» басарда абай болуды ескертеді.
Не айтып жатқаны белгісіз. Бірақ, әуезі әдемі. Ұнады. Кейін, тағы бір тыңдармын деп, «Вконтакте»-дегі парағына көшіріп алды. Сосын басы бәлеге қалды. Сөйтсе, әлгі аудио-жазбалары жихадқа шақыратын әндер болып шықты.
Мұны сотта бір-ақ білді. Ақтөбелік Мәуліт Еменов терроризмді насихаттады деп айыпталғанда, көптеген газет-журнал осылай ақпар таратып еді.
qamshy.kz
[:]