АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]«Вова көкемді көмекке шақырамын» – журналист[:]

[:kz]

«Европа Плюс Казахстан» радиостансасының жүргізушісі  Любовь Панова көзіқарақты, кеудесінде намысы бар әлеуметтік желіні қолданушылар тарапынан ұлтаралық араздықты қоздырып, еліміздің тәуелсіздігіне күмән келтіріп, көрші елдің басқыншылық саясатына қолдау білдірген пікірлері үшін сынға ұшырап, өзі қызмет ететін мекемедегі жұмысынан қуылудың алдында тұр деп хабарлады turkystan.kz.

Ол Facebook әлеуметтік желісінде  еліміздің Украинадағы соғысқа қатысты ұстанымын менсінбей, Ресейдің басқыншылық саясатын ашық қолдап, сөз арасында «Вова көкемді көмекке шақырамын» деп айтқан. Осыған байланысты «Европа Плюс Казахстан» радиостансасы көпшілікке түсініктеме беріп, қызметкерінің ісі тәртіптік комитетте қаралатынын мәлімдеді.

 

[:]