[:kz]
Ресей сыртқы барлау қызметінің бұрынғы агенті Сергей Скрипальдың қызы Юлия Скрипаль болашақта Ресейге оралғысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Reuters агенттігіне берген сұхбатында айтқан. Бұл Ұлыбританияның Солсбери қаласында әкесімен бірге уланып, ауруханадан шыққаннан кейінгі Скрипальдың журналистермен алғаш рет сөйлесуі.
Юлия Скрипаль қатты әсер ететін удан қалпына келу процесі “баяу және ауыр” өтіп жатқанын атап өткен. Әкесінің денсаулығының түзеліп келе жатқанын ол “үлкен сәттілік” деп атаған. Юлия Скрипаль сонымен бірге ешкімнің өз атынан және әкесі атынан мәлімдеме жасамайтынын және Ресей елшілігінің көмегіне жүгінгісі келмейтінін атап өткен.
Наурыздың 4-і күні Ұлыбританияның Солсбери қаласында Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия Скрипаль ес-түссіз күйде табылған еді. Екеуі біраз уақыт ауруханада естерін жимай жатты. Кейінірек жағдайлары тәуір болып, ауруханадан шықты. Қазіргі кезде Скрипальдардың қай жақта екені белгісіз.
Лондон олардың совет ғалымдары жасап шығарған “Новичок” атты жүйкені зақымдайтын заттардан уланғанын айтқан мәлімдеген. Британдық арнайы қызмет өкілдері у Ресейде шыққан деген болжам жасаған. Ал Мәскеу мұны жоққа шығарады.
Скрипальға шабуыл Батыс елдері мен Ресей арасында қарым-қатынасты нашарлатып жіберді. Шамамен 30 ел Ұлыбританияға ынтымақтастықтың белгісі ретінде Ресей дипломаттарын еліне қайтарған. Ресей де оған жауап ретінде батыс дипломаттарын елдеріне жібере бастады.
azattyq.org/
[:]