АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Заңды білмегендіктен, білімі аздықтан…»: Айқын Қуат Хамитовтың «хайп қуамын деп артық кеткенін» айтты[:]

[:kz]

 

Бірнеше күн бұрын спортшыҚуат Хамитовтың желідегі жазбасы үшін ұсталғаны туралы хабар желдей ескен болатын. Артынша боксшы Instagram парақшасына жазба жариялап, әлгі видеоның «қалжың ретінде түсірілгенін» мәлімдеген еді. Осы орайда, әнші Айқын Төлепберген спортшыны жақтап, желіге пікір қалдырды. Оның сөзінше, Қуат Хамитов мұндай әрекетке заңды білмегендіктен барған көрінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ешкімді ұрған жоқ, ешкімді сабаған жоқ. Заңды білмеген соң, ватсаптағы өтірік әңгімеге сене салып, видео түсіре салған. Шынымен, дезинфекторлар мен вертолеттардың у тарататынына сенімді болған ғой (білімі аздықтан). Хайп қуамын деп артық кеткен», — деді әнші.

Оған қоса,  Айқын оның    әрекетін «дұрыс емес» деп бағалады.

«Әрине, дұрыс емес! Бірақ, Қуаттың сөзіне мән беріп, сол істерді жасаған бір адамды көрмедім. Сондықтан, біржолға кешіріп, айыппұл салып қана қою керек деген ой ғой бізде. 3 жыл деген сұмдық қой! «Қателеспейтін жан жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» деген бар», — деп сөзін түйіндеді.

[:]