[:kz]
Есте болса, биыл сәуір айында Жанболат Мамай мен Инга Иманбай Бауыржан Байбекті айыптап бірнеше видеоматериал жариялаған болатын.
Сотта Жанболат Мамайдың «дәлелдері» мен мәлімдемесін жоққа шығаратын құжаттар қаралып жатыр
Белсенді Жанболат Мамай мен оның әйелі Инга Иманбайдың Бауыржан Байбекке қатысты жариялаған видеоларында келтірілген деректерді толықтай жоққа шығаратын құжаттарды заңгер Айжан Тәшенова сотқа табыстады деп жазды azattyq-ruhy.kz.
Айта кетейік, бүгін Алматыдағы Әуезов аудандық №2 сотында ерлі зайыптыларға қатысты сот отырысы басталды. Талап-арызды Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек түсірген.
Есте болса, биыл сәуір айында Жанболат Мамай мен Инга Иманбай Бауыржан Байбекті айыптап бірнеше видеоматериал жариялаған болатын. Партия төрағасының бірінші орынбасары айтылған деректің бәрін жағылған жала деп, өзінің ар-намысын заң аясында қорғайтынын мәлімдеген.
Бүгінгі сот отырысында судья Райхан Сартаева айтып өткендей, соттасуға себеп болған деректердің растығын дәлелдеу – жауап беруші тараптың мойнына жүктеледі. Ал, арыз беруші болса өзінің атына айтылған мәліметтердің жала екенін дәлелдейтін құжаттарды сотқа табыстауға құқылы.
Еске салайық, бұған дейін заңгер Айжан Тәшенова өзінің Facebook-парақшасында Жанболат Мамай келтірген деректерді жоққа шығаратын құжаттарын көрсетті. Сондай-ақ, ол Мамай ұсынған 2 мың беттік дәлелдер жинағында ешқандай ресми құжаттың жоғын айтып отыр.
[:]