[:kz]
Отандық танымал әнші Шахизада Байбатжанова жаңа үйге көшті. Баспаналы болған өнер иесін алғашқылардың бірі болып Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова құттықтап келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.
![Фото: Instagram/gulziraaidarbekova Коллаж: KAZ.NUR.KZ Фото: Instagram/gulziraaidarbekova Коллаж: KAZ.NUR.KZ](https://netstorage-nur.akamaized.net/images/89a18c589b53e7af.jpg?imwidth=900)
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Анықталғандай, шоу-бизнес жұлдызы үш қабатты үй соқтырған. Оған қоса, жаңа үйіне Шахизада су жаңа көлігімен көшіп келген.
«Шахизада құдашамның қуанышына ортақтасып, шашуымызбен кіріп шықтық. Еңбекқорлығында шек жоқ. Таза ауа, керемет көрініс. 3 қабатты шаңырағың құтқа толсын! Көлігің тоза берсін, өмірің оза берсін» , — деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.
Желідегілер де Айдарбековамен қосылып, әншіні баспаналы болуымен құттықтап жатты.
[:]