АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Зейнетақы қорындағы ақшаға кімдердің үй алуға мүмкіндігі бар[:]

[:kz]

Үкімет зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалану туралы ұсынысты әзірледі. Енді оны президент қарауына жібереді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

 
 
Бердібек Сапарбаев. Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Бердібек Сапарбаев. Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Биыл әлеуметтік салада атқарылған жұмысты қорытындылаған Бердібек Сапарбаев зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалану мәселесі де шешімін табуға жақын екенін мәлімдеген.

Қазір қорда 10 трилионнан теңге бар екен. Ал салымшылардың саны 9 млннан астам. Орта есеппен бар қаржыны салымшыларға шаққанда 1 млн теңгеден айналады. Ал бұл зейнетке шыққанда жақсы өмір сүру үшін жеткіліксіз. 

Премьер-министрдің орынбасары оған кем дегенде 10 млн теңге қажет дейді. Бұны ескерсек, тиісті қаражатты жинай алғандар ғана керек ақшаны шешіп алмақ.

«Ертең ол зейнеткерлікке шыққанда, жақсы өмір сүру үшін ең кемінде 11-12 млн теңге оның есепшотында болуы керек. Біз енді оның бәрін есептедік. Мемлекет басшысы қалай шешім қабылдайды, сосын біз оны жүзеге асырамыз. Барлығына есеп бар, әрбір қазақстандықтарға», — дейді Бердібек Сапарбаев.

Әлішер Өмірзақ

Айта кетсек, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы қорындағы қаражатты қазақстандықтардың баспана мен білім алу мақсатында жұмсау жоспары қашан әзір болатынын айтқан еді.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі өзінің алғашқы жолдауында азаматтар зейнетақы жинағын баспана мен білім алуға жұмсай алуы керектігін мәлімдеген болатын.

Осы орайда үкіметке азаматтардың зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырған.

 

[:]