АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Зеленский: «Келесі аптада жақсы жаңалық күтіп отырмын» [:]

[:kz]

 

Украина Президенті Владимир Зеленский Украинаға қару-жарақ жеткізу мәселесі бойынша алдағы аптада «жақсы жаңалық» күтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «azattyq.org»-қа сілтеме жасап.

«Күн сайын қорғанысты күшейтуге күш салып жатырмыз. Ең бірінші кезекте қару-жарақпен қамтамасыз ету мәселесіне көңіл бөлеміз. Армиямыздың оккупанттарды технологиялық және тегеурінді соққы тұрғысынан басып озатын шаққа жақындап келеміз. Әрине, көп нәрсе әріптестерімізге де байланысты. Олардың Украинаны еркіндігін қорғауға қажет жарақтармен қамтамасыз ету дайындығына да байланысты. Осы тұрғыдан алғанда келесі аптада жақсы жаңалық күтіп отырмын»- деді В.Зеленский.

Оның айтуынша, Ресей әскерінің шабуылын тоқтату үшін қару-жарақтың болғаны маңызды.

«Жағдай өте күрделі. Әсіресе, Донбасс пен Харьков маңындағы аудандарда жағдай қиын. Ресей армиясы қандай да бір нәтижеге қол жеткізуге тырысып жатыр» -деді Украина Президенті.

 

хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы

[:]