[:kz]
Украина президенті Владимир Зеленский өз үндеуінде Ресей президенті Владимир Путинге келіссөздер жүргізуді ұсынды. Үндеу Украина президенті кеңсесінің ресми Facebook парақшасында жарияланды. Зеленский өз сөзін қорытындылай келе Владимир Путинді келіссөз жүргізуге шақырды. «Мен Ресей Федерациясының президентіне тағы бір рет жүгінгім келеді. Украинаның барлық аумағында ұрыс жүріп жатыр. Адамдардың өлімін тоқтату үшін келіссөз үстеліне отырайық», — деді президент
[:]