АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жәбірленуші ГауҺар Әлімбекованың соты туралы: 150% әділетсіз өтті[:]

[:kz]

Алматы қалалық соты Әлімбековаға қатысты не үшін мұндай үкім жариялағанын сот отырысының соңында айтты. Тағылған айыптың негізсіз екенін атап өткен соттың шешімімен Назарова келіспей отыр, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

«Алматы қаласындағы Алмалы аудандық сотының 2019 жылдың 30 қаңтардағы сотталғандар: Ордабаева Феруза Амангелдіқызы және Әлімбекова Гауһар Серікбайқызы жөніндегі үкімі өзгертілсін, үкімнің Гауһар Әлімбековаға қатысты бөлігі бұзылсын. Әлімбековаға қолданылған ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы, бұлтартпау шарасы күшін жойсын. Оған жаңа ақтау үкімі шығарылсын. 

Сотталған Ордабаева Феруза Амангелдіқызының іс-әрекеті қайта саралансын. Оған осы баппен түпкілікті 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», — деді сот төрағасы Әбдіханов. 

Жәбірленуші ГауҺар Әлімбекованың соты туралы: 150% әділетсіз өтті

Дегенмен, Ордабаеваның жазасы «ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рахымшылық жасау туралы» заңының негізінде 2 жыл 9 айға қысқартылды.  Ал Назарова мен оның қорғаушылары түсірген арыз қанағаттандырусыз қалдырылсын деген үкім кесілді.

Төрағалық етуші Әбдіханов, судьялар: Сейітов, Кененбаев сот отырысы соңында неліктен мұндай шешім қабылдағандарына түсініктеме берді. 

«Біріншіден, айыптау үкімі болжамдарға негізделмейді. Сот талқылау барысында зерделенген, нақты дәлелдеулердің жиынтығымен негізделуі қажет. Бірінші сотта да, апелляциялық сотта да мұндай дәлелдемелерді таппадық.

Екіншіден, сот алқасының ортасында Әлімбекова Ордабаевамен бірге топ болып алдын-ала сөз байласу арқылы жәбірленуші Назарованың ақша қаражатын жымқырмағаны анықталды.

Үшіншіден, керісінше сот отырысында анықталғандай Әлімбекованың өзі де Ордабаеваға алданып, пәтер алу үшін ақша беріп, зардап шегіп, ақшасынан және үш бірдей пәтерінен айырылған.

Төртіншіден, жарияланған қаулыда көрсетілген негіздер бойынша Әлімбековаға қатысты айыптау үкімінің күші жойылып, жаңа ақтау үкімі шығарылды. 

 

Сот залынан шыққан Назаровадан сот үкімімен келісесіз бе деген сұрағымызға: 
«Келіспеймін. Негізсіз деп ойлаймын. Ертең бәрі орнына келеді деген сенімдемін. Өйткені, мен оған жала жауып тұрған жоқпын. Менің нақты дәлелдерім бар. Әлімбекованың туған сіңілісінің «Менің әпкем 40 000 долларды алды да кеңсеге апарып берді» деген айғақ,  дәлелі тұр. Мен үшін бұл үкім соттың әділетсіз екендігін тағы бір дәлелдеді. 

Бірінші судья Қасымбеков-өте білікті маман. Мұны Қасымбеков сотты менің пайдама шешіп бергені үшін айтып тұрған жоқпын. Мына сот 150% әділетсіз шешім қабылдады.

Түсініңіздер, мен залалды ғана сұрап отырмын, оның (Гауһар Әлімбекованың — ред.) сотталуын мен қалаған емеспін. Оның ақталып шыққанына қайта мен қуанып отырмын. Бірақ залалды қайтарса, өте әділетті болады. Залалым орнына келмей мен тоқтамаймын. Жоғары сотқа, тіпті, әлемдік сотқа дейін барамын. Біздің Қазақстанда әділеттілік жоқ болса да, әділет бар жерді табамын», — деді жәбірленуші.

Stan.kz

[:]