АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Жағымсыз иіс шығады»: Алматы тұрғындары өртке оранған қойма туралы айтты (видео)[:]

[:kz]

 

 

 

Алматыда қойма өртенді: Жақын маңдағы үйде тұратын қалалықтар лак-бояу өнімдері бар қоймалардың қалай жанып жатқанын бақылауда. Олардың қатарында KAZ.NUR.KZ тілшілері қойған сұраққа жауап бергендер де бар.

 
Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

 

Көше тұрғындары осы уақытқа дейін қоймаларға бірнеше рет шағымданғанын айтады.

«Одан үнемі жағымсыз, сасық иіс келіп тұрды. Тыныс алу мүмкін емес. Ерте ме, кеш пе бәрібір жанып кететіні анық еді», — дейді тұрғындар.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Қазіргі уақытта өрт сөндіру қызметі өртті жоюға тырысуда.

Су тасымалдаған тікұшақ шамамен 10 рет ұшып өтті.

Полиция қызметкерлері өртке ешкімге жақындатпайды.

Қоймаларда әрбір 5-7 минут сайын ыдыстардың жарылып жатқаны естіледі.

  

[:]