[:kz]
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сот шешіміне түсірілген шағым 27 тамызда қаралмайды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Адвокаттың сөзінше, сот шешіміне түсірілген шағым 2019 жылдың 10 қыркүйегінде қаралататын болды.
Еске сала кетейік, «Қазатомөнеркәсіп» ҰК бұрынғы басшысы 2010 жылы 14 жылға сотталған еді. Оған сеніп тапсырылған мүлікті жұмсау және пара алды деген айып тағылған.
Осы жылдың 24 шілдесінде Семей соты Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы шағымын қарады. Сот оның бұл өтінішін қанағаттандырмаған болатын.
[:]