[:kz]
Павлодарда көлік жуу қызметкері өзін жұмыс берушінің күйеуі ұрып-соққанын айтты. Жәбіренушінің айтуынша, күдікті жұмыстан шыққысы келетінін және төлемді талап еткеннен кейін оны ұрып-соққан.
Бұл туралы жәбірленуші әлеуметтік желілерде өзі хабарлады. Полиция оқиғаның мән-жайын
Жәбірленуші 50 жастағы Қадиша Омарова. Өзінің айтуынша, оқиға 16 сәуірде болған.
«Сол күні үй иесі маған қоңырау шалып, менің торнадоны жумағаным туралы айтты, содан кейін оның күйеуі әңгімеге араласып: «Сорлы, мен саған айыппұжурналында менің ол орында жуғаным жазылып тұр.Телефон арқылы ол мені әр түрлі жолмен атай бастады, балағаттады. Мен оған: «Жарайды, мені жұмыстан шығар, мен қазір ақшамда алып кетемін» дедім. Мен барғанда жұмыс беругі әйел ақшаны үстелге қойды, сол кезде күйеуі кіріп, қолымды бұрап, бірнеше рет ұрып жіберді. Содан кейін мені сүйреп бетон еденге құлатты, мені тағы бірнеше рет ұрды», — дейді жәбірленуші.
Әйелдің айтуынша, соққыдан кейін үй иесі полиция шақырған.
«Менде ол күні демалыс болды, үйде мен сыра ішіп отырғанмын. Бірақ көлік жуатын үйдің иесі менің мас екенімді айтып, мені тексеріске жіберді. Олар маған түтікке үрле деді. Мен үрлей алмадым. Денемнің бәрі ауырып тұрды», — дейді Омарова.
Бір жарым сағаттан кейін әйел үйге босатылды.
Жәбірленуші қазір үйде, амбулаториялық ем қабылдап жатыр.
Сот-медициналық сарапшылардың қорытындысына сәйкес, зардап шеккен автокөлік жуушы әйелге жабық ми жарақаты, мойын омыртқаның байламдарының көгеруі және созылуы, оң жақ жауырынының жабық сынуы және оң аяғының төменгі жағы көгерген деген диагноз қойылды.
Құқық бұзушылар жазасыз қалмауы үшін және тергеу жабық болмауы үшін әйел ұрып-соғудың іздері бар суреттерін әлеуметтік желіге жариялады.
«Мен жұмыс берушінің күйеуі басқа көлік жуушыларға қалай ұрсып, қарғыс айтқанын көргенмін. Жұмыс керек болған соң шыдадым. Олар мені шүкіршілік етпейтін жаратылыс деп айтты, сен ешнәрсе дәлелдей алмайсың деді. Кешкі сағат 8-де олар менің есігімді қағып, тағы қорқыта бастады. Мен тағы полиция шақырдым», — деді Омарова.
Полиция әйелді ұрып-соғу фактісін де тексеріп жатыр.
«Бұл факт тіркелді, тексеру жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл арада көлік жуатын үйдің иесі бұл оқиғаға күйеуінің қатысы бар екенін жоққа шығарады. Кәсіпкердің айтуынша, оның қызметкері көлік жууға мас күйінде келген, оның өзі жанжал шығарған.
«Ол есеп айырысуға мас күйінде келді. Бәрін лақтыра бастады. Мен жалақымды бере бастадым. Содан кейін ол мені ұрып жіберді. Шашымнан ұстап, мені диванға лақтырып жіберді. Күйеуім бізді арашалай бастады, оны дәлізге сүйреп шығарды. Мен полиция шақырдым, полиция әйелді алып кетті. Бірақ күйеуім оны ұрған жоқ, мүмкін ол өзі құлап қалған шығар», — деді Светлана Делядирова.
Ол сондай-ақ көлік жуушы өткен жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істейтінін және оған дейін ешқандай шағым болмағанын атап өтті.
[:]