АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жамбыл облысында бір топ адам полицейлерге шабуыл жасады[:]

[:kz]

 

Полицейлер қазір заңсыз әрекетке қатысқандар анықталғанын, жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

Жамбыл облысында белгісіз ер адамдар полицейлерге шабуыл жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 2022 жылдың 7 мамырына қараған түні Шу аудандық полиция бөліміне белгісіз бір топ адам полицейлерге шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Патрульдік полиция қызметкерлері Шу қаласындағы вокзал маңында ВАЗ-21014 маркалы автокөлігін мемлекеттік нөмірі болмаған соң тоқтатқаны анықталды.

«Оқиғаның мән-жайы анықталған кезде автокөліктің жүргізушісі мен жолаушылары полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, басқа таныс азаматтармен бірге билік өкілдеріне қарсылық көрсетті. Осы дерек бойынша Шу аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-бөлігі «Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану» бойынша соталды тергеуді бастады», — делінген хабарламада.

Полицейлер қазір заңсыз әрекетке қатысқандар анықталғанын, жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты. Билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық қолданғандар ҚІЖК-нің 128-131-бабы бойынша ұсталған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа да деректері тергеу мүддесіне сай жарияланбайтыны айтылды.

[:]