АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жаңаөзен тұрғынны дүкеннен алған «халал» деген жазуы бар шұжықтан тірі құрт тауып алды (видео)[:]

[:kz]

 

Ол баласының қолындағы бір тілім шұжықтан 2-3 см болатын құрттың жыбырлап тұрғанын байқап қалған.

Тұрғын оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратып жіберген. Әлеуметтік желіде тараған «шұжықтан тірі құрт шықты» деген видео жұртшылықтың жиіркенішін туғызған болатын.

Жаңаөзендік тұрғын баласына берген шұжықтың ішінен ұзындығы 2-3 см болатын тірі құрттың жыбырлап жүргенін аңғарып қалған. Ол видеода шұжықтың «Особая» деп аталатынын айтып, абай болуға кеңес береді.

Тіпті, қаптамада «xалал» деп жазылып тұрғанын айтып, таңданған. Дегенмен, дін өкілдері «Халал Даму» ЖШС ҚМДБ-ның рұқсатымен мекемелер мен кәсіпорындарға арнайы сараптама жүргізіп, сертификат береді.

 
 

Діни басқарманың арнайы логотипі тұрғанына көз жеткізіп, соған баса назар аударған дұрыс» деп отыр. Ал, Жаңаөзен қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мамандары «тұрғындардан арыз-шағым түспесе, қай сауда нүктесі екенін анықтау қиын» дейді.

Әйтсе де, видеоны әлеуметтік желіге жүктеген нөмір иесін ПБ арқылы анықтап,сауда нүктесін білуге әрекеттеніп жатқандарын жеткізді.

Нажмите видео, чтобы включить звук
kyn.kz
 
 
 

[:]