АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жаңаөзенде иттің көмегімен қару-жарақ қоймасы анықталды[:]

[:kz]

Жаңаөзенде қызметтік ит гараждардың бірінен қару-жарақ қоймасын тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұлан «Батыс» РҚК баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сұлтановқа сілтеме жасап.

Қойма 18 ақпанда сағат 18.00 шамасында Мамыр ықшамауданында 34 жастағы жергілікті тұрғыннан табылған.

Жедел-іздестіру іс-шарасына 5548 әскери бөлімінің маман кинологы, кіші сержант Асан Абдукәрімов  және Кэсси есімді ит қатысқан. Қоймада шолақ аңшы мылтығы мен спорттық мылтық жасырылған.

Баспасөз қызметі басшысының айтуынша, 2021 жылы Ұлттық ұлан сарбаздары Детектив есімді қызметтік ит көмегімен есірткінің заңсыз айналымына қатысты үш деректі анықтаған.

[:]