АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Жанар Айжанова: Қазіргі жастардың ажырасып жатқанына енелер кінәлі[:]

[:kz]

 

Жанар Айжанова келін мен ене тақырыбында сөз қозғады. Әнші қазіргі жастар арасындағы ажырасуға көп жағдайда енелер себепші деген ойын жеткізді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған altyn-orda.kz 

Бұл туралы Айжанова «Қызық Live» бағдарламасында айтты.

“Бұрын енелер мектебі деген болған. Енелер келіндерге бәрін өзі үйрететін. Келін екі жыл ата-ененің қасында болған. Екі жылда сол шаңыраққа үйренген. Жас жұбайлардың бөлмесіне қайын жұрты кірмеген. Мен ешқашан жеңгем мен ағамның бөлмесіне кіріп көрмеппін. Қайындары да, қайын жұрты да келіннің төсегіне жақындамаған. Қазақта енелер мектебі деген үлкен мектеп”, – дейді Айжанова. 

Әнші қазіргі енелердің үлгі көрсекпек түгілі, келінді түртпектеп, керісінше ұлын қызғанып, өздері ажырасуға себепші болады дейді. 

“Қазіргі енелердің біліксіздігінен, сауатсыздығынан қанша шаңырақ ортасына түсті. Қазіргі енелер ұлын келінінен қызғанады. Соның айтқанын істеп қоя ма деп қорқады. Керісінше ұрыстырады. Бұл дұрыс емес. Келінді келгеннен түртпектейді. Төмендетеді. Келін келген үйге сіңіп кету үшін уақыт керек”, –дейді ол. 

Айта кетейік, Жанар Айжанова көп сериалда ененің рөлін сомдайды. Бірде қатал, бірде жұмсақ ененің бейнесін көрсетеді. 

Ал қызы Айжұлдыз Адайбекова енесімен тіл табыса алмаған соң күйеуімен ажырасып кеткенін айтқан еді. Жақында ұлының бір жас тойын өткізді.

[:]