[:kz]
Танымал әнші Жанар Айжанова немересін әлеуметтік желіде алғаш рет көрсетіп, туған күнімен құттықтады, деп жазады kznews.kz сайты.
«Міне әжесінің баласы, әжесінің данасы, әжесінің чемпионы, әжесінің ақпатшасы. Танысып қойыңыздар, сылдырмақ – Назар Адайбеков. Түкіріп қойсаңыздар да артық етпейді. Туған күнің құтты болсын, балапаным. Мені әжем арқалап өсірді, анам марқұм да барлық немерелерін арқасына салып жүрді. Мен де піссіміллә деп ақ қозымды арқама салдым. Айжұлдызымның жанына жалау бол, ғұмырлы, білімді–ілімді бол, жарығым. Екеуіңе де бір Алла жар болсын, тек жақсылықтарыңды көруді нәсіп етсін жаратқан ием. Иісіңнен, кескін–кейпіңнен айналдым, тәттім. Сені алғаш қолыма ұстағанда бақыттан басымның қалай айналғанын білсең ғой, шіркін. Әжесіне күнде бақыт сыйлап жүрген, аппағым. Мың жаса, мұңсыз бол!» — деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
[:]