АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жанар Айжанова: Жолдасым екеуміздің арамызда бала жоқ екеніне өкінемін [:]

[:kz]

Отандық танымал әнші әрі актриса Жанар Айжанова қалың көпшілікке барынша ашылып, отбасына қатысты жан сырын ақтарды.

Әрдайым көңілді жүретін өнер иесі өміріндегі бір өкініші, бір кем дүниесі туралы айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ. Жанар Айжанова ішіндегі күйінішімен «Еуразия бірінші» арнасындағы «Ең алғашқы» бағдарламасында бөлісті.

Екінші мәрте тұрмысқа шыққан эстрада жұлдызы жолдасы екеуінің арасында бала жоқ екеніне қатты қынжылатынын айтты. Өнер иесі бірінші некеде туған жалғыз қызының артынан еретін інісін немесе сіңлісін дүниеге алып келуді армандайтынын жасырмады. «Бір кем дүнием – екінші тұрмысқа шықтым ғой, екеуіміздің арамызда бала жоқ. Арманым ер азаматымның өз кіндігінен Айжұлдызымның соңынан еретін іні болатын, не сіңлісі болып қарайласып жүретін бір перзент болса. Біз айтамыз, Алланың дегені болады. Маған салса, бірінші соны қалар едім» , — дейді Жанар Айжанова. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Zhanar_Aizhanova (@zhanar_aizhanova)

Алайда барын бағалай білетін актриса осы күніне де шүкіршілік ететінін жеткізді. Айта кетейік, бұған дейін Жанар Айжанова бірінші некесі туралы бар шындықты ақтарған болатын. Белгілі болғандай, өнер иесі бұрынғы енесімен бүгінде сырлас екен. Ол марқұм жолдасының анасымен әлі де жақсы араласып тұратын болып шықты. Әнші тіпті екінші мәрте тұрмысқа шығарда ол кісіден рұқсат сұраған.

Сонымен қатар, Жанар Айжанова Бекболат Тілеухан екеуінің достығы туралы жан сырын ақтарып, көпшілік білмейтін жайтты айтып қойды. Белгілі болғандай, қоғам қайраткерінің анасы өнер иесін келін етуді қалаған.

kaz.nur.kz

 

[:]