АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жанар Айжанованың қызы алғаш рет сүйіктісін елге көрсетті (фото, видео) [:]

[:kz]

Танымал әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова алғаш рет көпшілікке өмірлік серігін көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы. 

Қуанышты жаңалықпен Айжұлдыз Адайбекованың өзі Instagram әлеуметтік желіciндегі парақшасында бөлісіп, «Өмірлік қыраным.

Болды достар, біз енді ерлі-зайыптылармыз», — деген жазба қалдырды. Сонымен қатар, Жанар Айжанованың қызы сүйіктісінің есімін де атап өтті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Өмiрлiк Қыраным❤️ ??‍???? @kyran_talapbek Ну всё ребят) мы теперь МУЖ И ЖЕНА?❤️

Публикация от Aizhuldyz Adaibekova (@aizhuldyz_adaibekova)

Оның таңдауы Kyran Films компаниясының негізін қалаушы, блогер әрі режиссер Қыран Талапбекке түскен. Күйеу жігіт ел арасында үлкен танымалдылыққа ие.

Оны оқырмандары «видео саласының хас шебері» деп те атайды. Қыран Талапбек те парақшасында әсерлі видео жариялап, қазақ еліне бір келін қосылғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вот и настал этот момент! Ребята, Я СКАЗАЛА ДА? теперь я невеста?? Can’t believe, I SAID YES!!!❤️

Публикация от Aizhuldyz Adaibekova (@aizhuldyz_adaibekova)

Бұны көрген желі қолданушылары екі жасқа деген жылы тілектерін жаңбырша жаудырды. Олар күйеу жігіт пен қалыңдықтың әдемі жұп екенін тілге тиек етіп, Қыран мен Айжұлдызға бақыт тілеген.

Айта кетейік, осыған дейін Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желісіндегі парақшасында сүйіктісінің «үйлену туралы» ұсыныс жасағанын жазған болатын.

«Міне, сол сәт туды. Достар мен «иә» деді. Енді мен қалыңдықпен», — деді Айжұлдыз Instagram парақшасында. Сонымен қатар, жақында ғана белгілі режиссер Ақан Сатаев үлкен қызы Мариямды ұзатып, құтты орнына қондырған еді.

Бұл туралы режиссердің өзі де хабарлаған болатын. Мариямның таңдауы «Nomad stunts» тобының кәсіби каскадері Есболат Әбдіберік есімді азаматқа түскен.

kaz.nur.kz

 

[:]