АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]Жәнібек Әлімханұлы ресми түрде әлем чемпионы атанды[:]

[:kz]

Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанды, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстандық боксшы Инстаграм парақшасында жақсы жаңалығымен бөлісті.

«Мен әлем чемпионымын! WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған алғашқы қазақпын. Бұл тарих! Мен өте бақыттымын, Құдайға шүкір! Әлхамдулиллаһ», — деді былғары қолғап шебері.

Айта кетейік, WBO Дүниежүзілік бокс ұйымы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы уақытша чемпионнан толық деңгейге көтерілгені және мәртебесі күшіне енгені туралы шешімді жариялаған болатын.

[:]