АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жартылай жалаңаш суретке түскен апалы-сіңілілі Жолдыбаевалар сынның астында қалды[:]

[:kz]

Апалы-сіңілілі Жолдыбаевалар тағы да сынның астында қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кәмшат пен Алтынай Жолдыбаевалар әлеуметтік желідегі парақшаларында жабысып тұратын, тым ашық киім киіп фототүсірілім жасаған суреттерін жүктеген. Жұлдызды бауырлар бірге жасаған түсірілімдерінде өздерінің барларын көрсетіп, дене бітімімен мақтанған.

Кейбір желі қолданушыларына жұлдызды апалы-сіңлілердің бұл қылығы ұнамай, теріс пікірлерін білдіріп, ұяттары жоқ деп сөкті.

«Маймыл сияқтысыңдар», «Екеуің біртүрлісіңдер», «Ұяттарың қайда?», «Апама жездем сай», — десті.

Алайда, Кәмшат пен Алтынай Жолдыбаевалардың қылығын құп көргендердің қатары көп болды. 

«Қазақстанның секс-символдары. Сендерді қатты жақсы көремін. Мен үшін жиырма бірінші ғасырдың әйелдері сендер сияқты болу керек», «Кардашьяндар — Жолдыбаевалар», «Әркім өзінше сұлу», — деп жазды желідегі жұрт.


 Stan.kz

[:]