АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Жеке өміріме байланысты»: Айгүл Иманбаева Америкаға көшетінін мәлімдеді[:]

[:kz]

 

Әнші, актриса, тележүргізуші, сан саланы қатар алып жүрген Айгүл Иманбаева сенсациялық жаңалығын мәлім етті. Әнші Америкаға қоныс аударып, елден тысқары кетпек ниетте екен. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Опмай-опмай» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлады.

Айгүл Иманбаева соңғы кездері көптің аузында. Жақын күндері бейтаныс ер азаматпен түскен суретін желіге жариялаған әнші көпшілікті толғандырып қойды. Тыңдарманы әншіні тұрмысқа шығады деп топшылады, алайда әнші бұл әңгіменің жалған екенін айтып ақталды. 

Иманбаева өзін қызу талқыға салған журналистер қауымына өкпелі. Дегенмен ақпараттың рас-өтірігін сұраған тілшілерге ешқандай жауап бермейтінін айтып, үзілді-кесілді қарсы болды. Бүгінде ағылшын тілін үйреніп жатқанын айтып қалды. Себебі алдағы уақытта 10 жылға Америка аспақ. 


«Менің жұмысыма да қатысты, жеке өміріме де байланысты Америкаға кетіп бара жатырмын. 10 жылға шетелде боламын. Бұл маған өте қажет болғандықтан қабылданған шешім. Сол себепті қазір ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Ағылшын тілі ең оңай тіл екен. Тек ниет болса болды. Америкада бұйырса 10 жыл боламын деп жоспарлап отырмын», — деді Иманбаева.

Бұл мәлімдеме желідегі оқырмандарын алаңдатып қойды. Олар әншіден не себепті кететінін сұрап жатыр. 

«Неге алысқа кеттіңіз?», «Сол келде қалып қоймайсыз ба?», «Өз еліңізде қалуға болмас па еді?», «Шетелдік азаматқа тұрмысқа шығасыз ба?», — деп жазды олар. 

[:]