АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Желіде ауыл әкімнің қатысуымен түсірілген даулы видео тарады. Әкім қызметінен кетті (видео)[:]

[:kz]

Желіде Солтүстік Қазақстан облысының Якорь округінің әкімі Қайырболат Чехмановтың қатысуымен түсірілген даулы видео тарады. Оқиғадан кейін әкім қызметінен кету туралы арыз жазды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мемлекеттік қызметкер ауылдық округ әкімі болып тұрғанда қарашаның 14-інен 15-іне ауған түні мас күйінде көлік тізгіндеген. Желіде оның қатысуымен түсірілген видео тарады. Видео кадрларында ер адам шенеунікті үйінің қоршауын соқты деп айыптайды. Видеоролик авторы «Жигули» маркалы көлікті көрсетіп, сұрақтар қоюда. Өз кезегінде көлікті тізгіндеген ер адам жауап бермеді. 

«Чехманов мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексінің ережелерін бұзып, сол арқылы мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірді. Бұрынғы әкім Қайырболат Чехмановтың әрекетін лайықсыз және мемлекеттік қызметтің беделін түсіреді деп санаймын. Ауылдық округ әкімі қызметі жергілікті халықпен жұмыста маңызды аумақ болып табылады, сондықтан мұндай мінез-құлыққа жол берілмеуі тиіс деген пікірдемін», — дейді Қызылжар ауданы әкімі аппаратының басшысы Қуаныш Сабыралинов.

Сонымен қатар ол Чехмановтың Якорь ауылдық округінің әкімі болып 2018 жылдың 20 қарашасында тағайындалғанын айтты. 

«Жұмыс кезінде тәртіптік жазаға тартылмаған. Бұған дейін отбасылық жағдайына байланысты қызметінен босатуын бірнеше рет ауызша сұрады. 14 қарашада өз еркімен қызметінен кету туралы арыз берді», — дейді Сабыралинов. 

Оның сөзінше, Қызылжар ауданың әкімінің шешімімен Чехманов 15 қарашада өз еркімен қызметінен босатылды. 

Сонымен қатар аудандық әкімдіктегілер видеоролик авторының Чехмановтың Қызылжар ауданының әкімі Жанат Сәдуақасовтың туысы екені туралы сөзін жоққа шығарды. 

Stan.kz

[:]