[:kz]
Желіде қолдарына қару ұстаған «Талибан» қозғалысы (Қазақстан, Ресей және басқа да бірқатар елдерде лаңкестік ұйым деп танылған) мүшелерінің ойын-сауық саябағында көңіл көтеріп жүргені видоесы тарады.
Evening Standard басылымының мәліметінше, Ауғанстандағы билікті өз қолына алған тәліптер 20 жылға созылған соғыстың аяқталғанын тойлап жатыр. Желіде жарияланған кадрлардан тәліптердің ойыншық көліктерге мініп, батутқа секіріп жүргенін байқауға болады.
Taliban's terrorists right now: pic.twitter.com/2F8qHzw6No
— Asaad Sam Hanna (@AsaadHannaa) August 16, 2021
Одан бөлек, содырлар көңіл көтеріп жүрсе де, қаруын қолынан тастамағанын көруге болады. Алдын ала болжам бойынша желіде пайда болған видеолар Кабул мен Герат қалаларындағы ойын-сауық саябақтарында және басқа да нысандарда түсірілген. Желіде тараған тағы бір видеода тәліптердің спорт залында жаттығып жатқаны бейнелеген.
🇦🇫 #Afghanistan : d’autres images de la prise de contrôle du parc par les #talibans. (témoins) #Kabul #Kaboul pic.twitter.com/oqzb07KOLb
— Mediavenir (@Mediavenir) August 16, 2021
Болжам бойына бұл видео бұған дейін елден кеткен Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ганидің президент сарайындағы жаттығу залында түсірілген. https://twitter.com/AsaadHannaa/status/1427382305304334343?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1427382305304334343%7Ctwgr%5E%7Ctwcon%5Es1_c10&ref_url=https%3A%2F%2Fkaz.nur.kz%2Fsociety%2F1927658-zelide-balalar-attrakcionynda-konil-koterip-zurgen-talipterdin-videosy-tarady%2F
Естеріңізге сала кетейік, 15 тамызда тәліптер Кабулға кіргеннен кейін ел президенті Ашраф Гани өз өкілеттігін тоқтатып, елден кетті. Гани мұндай шешімді Кабулда «қантөгісті болдырмау» үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, «Талибан» өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған.
[:]