АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Желіде Bek Air ұшағының апатқа ұшырау сәтінен видео пайда болды[:]

[:kz]

27 желтоқсанда Алматыда Bek Air әуе компаниясына тиесілі Fokker-100 ұшағының апатқа ұшыраған сәтінен ғаламтор беттерінде бірнеше видео жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 
Видеодан кадр

Видеодан кадр

Жарияланған кадрларға сәйкес, апатты Алматы әуежайындағы периметрді түсіретін бейнебақылау камералары таспалаған.

Бейнежазбалардың бірінде ұшу-қону жолағындағы ұшақтың қозғалысын көрсететін екі нүктені көруге болады. Артынша қатты жарықтар пайда болған. Дәл осы сәтте мәселелер туындаған болуы мүмкін.

Әуе кемесі сәтсіз ұшқаннан кейін ұшу-қону жолағының сыртына шығып, әуежайдың қоршауын соғады.

Дегенмен Fokker-дің бүлінбегені байқалады. Бейнежазбада 1.40 минуттан бастап көрсетілген.

 
 

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Қайғылы оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам әртүрлі жарақат алған.

Бүгін Bek Air әуе компаниясы қайғылы жағдайдан бірнеше күннен соң брифинг ұйымдастырып, өздерінің недіктен үнсіз қалғанын түсіндірді. Сондай-ақ, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Олар апатқа себеп болуы мүмкін нұсқаны да атады.

Сондай-ақ компания басшысы ұшақ үйге соғылмаған кезде бәрі аман болар еді деген пікірін де айтты.

 

[:]