АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Жемқор», — деп негізсіз айыптағандар заң алдында жауап беруге дайындала берсін, — Сәкен Майғазиев [:]

[:kz]

 

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«»Бюджет бекіткен қаржы әлі бөлінген жоқ, қолымызға бір тиын да тиген жоқ», деп соқырға таяқ ұстатқандай қылып түсіндіріп жатсаң да түсінбейтіндердің көп екені жүрегімді ауыртады. Ғайбаттап, қарғап-сілейтіндерді оқып түнімен ұйықтай алмай шығам. Рухымды көтеріп, сенім білдіріп жатқан жандарға АЛЛА тағала бар жақсылықты нәсіп етсін.
«Түлкінің қызылдығы өзіне сор», дегендей, «жасыл» аймақтағы жалғыз қала болған соң назарға ілінуіміз де заңдылық. Әйтпесе, (мен келгенге дейін де) мәдениетке бөлінетін жылдағы қаржы осы.
Сәл сабыр сақтаңыздар. Құзырлы органдар тексеріп, журналистер жіті қадағалап, блогерлер бақылап барлығының ақ-қарасын ажыратып береді.
Ал, жария түрде жер жаhанға жар салып, маған жала жауып, «жемқор», тонады», деп негізсіз, дәлелсіз айыптағандар заң алдында жауап беруге дайындала берсін. Жала жабылып, жапа шеккен пендесі мен ЖАРАТУШЫ арасында перде болмайды (дұғасы қабыл) екен. Қарғыс алмай, алғыс алайық, ардақтыларым.
«Бойдағы мінді санасам,
Тау тасынан аз емес.
Жүрегімді байқасам,
Инедейін таза емес», дейді ұлы Абайдың өзі. Кейбір адамдар жапқан жаласының, айтқан өсегінің есебінен таудай күнәмнің бір уысы кемісе де АЛЛАға шүкір етем», — деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Наурыз мерекесіне орай 572 миллион теңге жұмсалғаны туралы әлеуметтік желі шулай жөнелді. Шымкентте «Музарт» тобының концерті өтіп, ол концерт үшін жасалған 30 миллиондық келісім шартқа Майғазиевтің өзінің қол қойғаны белгілі болды.

[:]