[:kz]
Мемлекеттік кірістер басқармасының басты міндеттерінің бірі салық заңдарының талаптарын түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру. Сол себепті тәжірибелі мамандардың күшімен халық үшін, салық төлеушілер үшін заңның негізгі тұжырымдарын түсіндіруге, сыбайлас жемқорлықпен күресте мемлекеттік саясатты насихаттауға ерекше көңіл бөлініп отыр.
Жалпы, мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алуға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде атқарылуда.
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу қызметкерлермен жеке жұмыстар жүргізу нысанында да жүзеге асырылуда. Бұл орайда, мемлекеттік қызметшілер арасында Этикалық кодексінің талаптарын сақтау мақсатында басқарма қызметкерлерімен түрлі оқытулар жүргізу тәжірибеге айналған.
Қандай жұмыста болсын, Елбасы Жолдауын, еліміздің құқықтық саясат тұжырымдамасын негізге аламыз. Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылдың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында алда атқарар жұмыстарымызды айқындап берген еді. Мемлекеттік қызметкерлерде оны орындауға мүмкіндік те, жігер мен құлшыныс та бар.
Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
талдау және есеп бөлімінің бас маманы
Р. Асимова
[:]