АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Жеңге жау ма, қайын сіңілі кобра ма»: Жанар Айжанова төркіндеп келген қыз туралы[:]

[:kz]

Жанар Айжанова төркіндеп келген қыз туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өнер иесі қыздың үйге төркіндеп келуі туралы айтып, жеңге мен қыздың орнын айқындап берді. Ата-бабаларымыздың өмірлік қағидасы мен ұстанымына негіздей отырып, шеше осы екі туыстың арасындағы алтын көпір болуы керек дейді әнші. Жанар Айжанова қызына айта отырып, келінін жөнге салған қазақтың даналығын тілге тиек етті.

 

«Жеңге жау ма, әлде қайын сіңілі кобра ма? Шеше қай жағына жақтасады? Бұл да көп отбасы көріп жатқан сынақ, жыры бітпейтін дау. Бірақ ата-бабаларымыз бұның да шешімін ұтымды ойлап тапқан. «Қызым, саған айтамын, келінім, сен тыңда». Қызына қатты-қатты батырып айта отырып, келіннің де құлағын бұрап отырған», — дейді Жанар Айжанова.

 

Алайда, әнші бүгінгінің жеңгесі мен қызының арасындағы қарым-қатынастың арты үлкен дауға апаратынын айтып мұңайды. Оның пікірінше қыздың ренжімей қайын жұртына кетуі, жеңгенің жылы қабақ танытуы отбасында үлкен рөл атқарады.

 

«Өкінішке қарай, кейде келіндер «қыздары күн бермейді» деп қайтып келіп жатады. Кейде керісінше, жеңгесі қызды түрткілеп, отырса опақ, тұрса сопақ етеді. Төркіндеп аз ғана күнге келген қызды жылатып жібереді. Бұрын үлкендер қыз үйден ренжіп кетпесін, қыздың наласы жаман болады, қалағанын беріңдер деп отыратын», — дейді Жанар Айжанова.

Екі тараптың татулығы жоғары болу үшін ене мықты болып, әркімнің өз орнын білуіне ықпал ету керек дейді ол. Қызын жақтап шықпай, келінін мақтамай, бейтараптық ұстанып, екеуінің бір-біріне деген көзқарасын жақсы жаққа өзгертіп, сыйластығының дәнекері болуы керек дейді әнші.

«Қазір қызын жақтап шығатын енелер көп. «Бауыр етім балам», «Іштен шыққан шұбар жылан» деп болмас жерде бомба тастап отырады. Қыз әрине, балаң, бірақ оның болашақ орны басқа жер. Ал келін сенің орныңды басып, сен жаққан оттың түтінін түтетеді. Ене деген мәмілегер болу керек. Елші болу керек. Бір жақтың туын ұстап алмай, екі жақтың да тыңдайтын құлағы, айтар тілі бол. Қыз да жас, келін де жас. Жаңылыспай тұрмайды. Келістіретін ене», — дейді Жанар Айжанова.  

[:]