АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жерлегенде нәрестелердің орнында қуыршақтар болған: Келіншек тоғыз ай бойы күйеуін алдап келген[:]

[:kz]

 

Ресейдің Ставрополь қаласында келіншек егіз балалары шетінеп кетті деп өтірік айтып келген. Оның бұл өтірігі — нәрестелерді жерлеу кезінде бір-ақ ашылыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Марқұм сәбилердің әкесінің сөзінше, егіздер перинаталды орталықта дүниеге келген екен. Алайда бірнеше күн өткен соң белгісіз жайттардан көз жұмыпты. Ер азамат балаларын жерлер кезде олардың денесінің орнында қуыршақтар екенін анықтапты. 

 
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Аналар әлемі 🇰🇿 (@analar.alemi)

«Әулетіміздің зиратына атамыздың жанына жерлемек болып, жерді қаза бастадық. Туыс інім «олар адам ғой, адамша ашып жерлейік» деген соң сәби оралған матаны ашсам, көздері жоқ қуыршақ екен. Екіншісі де дәл сондай», — дейді қайғыдан қан жұтқан нәрестелердің әкесі Дауд Даудов. 

Ер азамат бірден полицияға шағымданады. Сөзінше, балаларды үйден біреулер ауыстырып жіберуі мүмкін емес. Құзырлы органдар тексерісті бірден бастап кеткен. Ең таңғаларлығы, өңірдің бірде-бір перзентханасында балаларды босанған әйелдің есімі тіркелмеген. 

Кейіннен анықталғандай, бар кінә әйелден болып шықты. Тоғыз ай бойы келіншек күйеуі мен жақындарын жүктімін деп алдап келген. Кейіннен шындықты айтуға дәті бармай, «қойылымды» соңына дейін жалғастырмақшы болып шешіпті. Ал баланы босанған соң, осындай өтірік айтуға мәжбүр болған.

 

[:]