АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Жезөкшелерді қойып, мүгедектерге тиісіп жүр»: Жан Ахмадиевтың кезекті «нысанасы» кімдер? (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Картинки по запросу жан ахмадиев

Бағдарлама барысында арбаға таңылған азамат Ахмадиевті сотқа беретінін айтты.

Жан Ахмадиев арбаға таңылғандарға шүйлікті, деп хабарлайды Caravan.kz.ға сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұдан алдын қамшымен жезөкшелерді қуған Жан Ахмадиев енді арбаға таңылғандарға шүйлікті. Бағдарлама барысында арбаға таңылған азамат Ахмадиевті сотқа беретінін айтты. Жан Ахмадиевтің көздегені не? 

«ПАЙДАРАЗ» ПРОДЮСЕР!

«Аянышты әнін айтып, халықтың қалтасын қағып жүр» деп науқас баланың суретін жариялаған Жан Ахмадиевтің басы дауға қалды. Аталмыш посттан кейін күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылған Бақдаулет Әбділдәұлы «заманауи жырауды» сотқа бермекші.

Кімдікі ақиқат, кімдікі жалған?», — деп жазды Дина Төлепберген жеке парақшасында. 
Оқырмандар тарапынан Ахмадиевке түрлі сындар айтылды. 

«Жаның шыққыр Жан, ұялмайсың ба?», «Бұл Жанға не керек?», «Жезөкшелерді қуып болды ма? Енді мүгедектерге тиісіп», «Жан, қумашы! Сенің алдыңда не тұрғанын білесің бе?» деген пікірлер толассыз жазылуда. 

Ал Сіз, оқырман, арбаға таңылған мүгедек жандардың тойда ән салғанына қалай қарайсыз?

 

[:]