[:kz]
- Қазақ эстрадасының жарқын тобы “Жігіттер” квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбекұлы тұңғыш рет әке атанды.
Бұл туралы топ продюсері Ерғали Әбдірайымов Инстаграмдағы парақшасында хабарлады.
“Бүгін бізде құтты күн!!! Сүйінші, біздің Айдар қызды болды!!! Аллаға шүкір!! Бауы берік болсын, ата-əжесіне құтты болсын айтамыз”, – деп жазады продюсер.
Отбасылық жағдайын көпшілікке жариялай бермейтін әнші, желіде әртүрлі тақырыпқа қатысты пікірлерімен бөлісіп отырады.
Источник: Stan.kz
[:]