АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жоғары қан қысымынан арылудың жолдары [:]

[:kz]

422707Асқабақ және лимон

2 лимон, 1 кг асқабақ, 1 кг қант. Асқабақтың етін (мякоть) және лимонды қабығымен еттартқыштан өткізіп, қант қосып араластырамыз. Тамақтанудан алдын 1 ас қасықтан қабылдау қажет. Тоңазытқышта сақтаңыз. Қанттың орнына балды қолдансаңыз тіпті жақсы.

Сарымсақ және алма сірке суы

1 түйір (зубчик) сарымсақ, 1 шай қасық алма сірке суы, 200 мл су. Әр күні таңертең майдаланған сарымсақты аш қарынға жеу қажет, артынша ауызды алма сірке суы қосылған сумен шаю керек.

 

Қызылша – бал қоспасы

200 г бал, 300 мл қызылша шырыны. Қызылша шырынын сұйық балға құйып, жақсылап араластырыңыз. Тамақтанардан алдын, күніне 3-4 рет, 1 ас қасықтан қабылдаңыз.

 

Қызылшадан квас

1 кг қызылша, 2-3 л су, 3 ас қасық алма сірке суы, дәміне қарай лимон немесе бал. Қызылшаны үккіштен өткізіп, 3 литрлік шыны банкге салып, үстіне қайнаған су құйып, алма сірке суын қосыңыз, бетін дәкемен жауып, 2-3 күн тұруы тиіс. Тамақтанардан алдын күніне 3 рет, 100 мл қабылдау қажет. Дәміне қарай 1 шай қасық лимон немесе бал қосыңыз. Емдеу курсы – 2 ай.

Сайтбеков Әбдімәлік 
alashainasy.kz

[:]