АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жолсерік әйел вагоннан құлап кетті: Дәрігерлер зардап шегушінің жағдайы туралы айтты[:]

[:kz]

Қостанай-Алматы бағытындағы пойыздың жолсерігі Қарағанды облысының ауруханасына түсті. Ол пойыз жүйткіп келе жатқан уақытта вагоннан құлап кеткен. Бүгінде дәрігерлер оны палатаға ауыстырыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

31 жастағы жолсерік әйелді темір жолдан жұмысшылар тауып алған. Олар бірден жедел жәрдем шақырыпты.

Дәрігерлердің сөзінше, әйел ауруханаға жеткізілгенде жағдайы ауыр деп бағаланған. Ол зақымданудан шок алу күйінде болыпты. Бүгінде оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол кәдімгі палатаға ауыстырылған. 

Әзірге зардап шеккен әйелдің қалай құлап кеткені белгісіз. Нұсқалардың бірі бойынша, ол шылым шегу үшін есік ашып, тепе-теңдікті жоғалтқан. Қазіргі уақытта құқық қорғаушылар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Көліктегі полиция департаментіндегілер оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. 

Ал аталған пойыз тиесілі жекеменшік компаниядағылар пікір білдіруден бас тартты. 

Еске сала кетсек, Жамбыл облысында пойызбен болған төтенше жағдай белгілі болды. Куәгерлердің айтуынша, әйел пойыздың есігінен құлап кеткен.

Stan.kz 

Сурет: Zakon.kz

[:]