АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Жоя алмайды»: Ернар Айдар ортаға іріткі салып, өзін жамандап жүргендерге шүйлікті [:]

[:kz]

Отандық танымал әнші Ернар Айдар өзінің халық алдындағы абыройын төгуді мақсат еткен адамдарды орнына қойды. Өнер иесі әлеуметтік желі арқылы оларға жауап беріп, келелі кеңесімен бөлісті. Ол басқаларды аңдып, ортаға іріткі салғанша аянбай еңбектенуге шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Ернар Айдар ақша ұтысына қатысты даулы оқиғадан кейін желідегі белсенділігін бәсеңдетті. Ол жаңа фотолармен бөліспей, парақшасын мүлдем жаңартпай кеткен. Алайда, уақыт өте басы дауға қалған әнші Instagram желіcі арқылы халық пен өзінің арасына іріткі салуды көздегендерге жауап берді. Өнер иесі олардың өзіне тағып жатқан кінәсі мүлдем орынсыз екенін жеткізді. Ернар Айдар халық махаббатын өзінен ешкім тартып ала алмайтынын кесіп айтты.

kaz.nur.kz

 

[:]