АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Жұлдыз ауруынан абайлаңдар»: Алтынбек Қоразбаев істі болған әнші Құсайыновтың әрекетін қолдамайды[:]

[:kz]

Істі болған әртіс Мұрат Құсайыновты 50 жылдан бері танимын деген Алтынбек Қоразбаев әріптесінің әрекетін қолдамайды.

Халық алақанында ұстап, аялайтын бұрынғы заман емес деген композитор заңға бағыну керек деген пікірде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Алтынбек Қоразбаевтың айтуынша, елге еңбегі сіңген өзі қатарлас әріптестерін қызметкерлердің танымай қалуы жиі кездеседі. 

«Мен шәкірттеріме, әріптестері үнемі айтып отырамын. Жұлдыз ауруынан абайлаңдар деп отырамын. Мұраттың жұлдыз екені өтірік емес. Ол аңызға айналған адам. Мұрат қана емес, «Дос-Мұқасан» тобы жұлдызға айналған», — дейді Алтынбек Қоразбаев.

Айта кетейік, 14 сәуір күні «Эйр Астана» әуе компаниясында болды. Компания мәліметінше, Мұрат Құсайынов қызметкерлерге дауыс көтеріп, бейәдеп сөздер айтқан. «Дос-Мұқасан» тобының солисіне қатысты сот үкімі шығып, әнші айыпты деп танылды. 

[:]