[:kz]
Жүрегім қазақ, қаным қазақ, әке-шешем қазақ, Қазақстанымды, қазақ жерін жақсы көремін
Продюсер Баян Алагөзова өзіне қатысты бірқатар айыптауларға жауап берді.
Ол өзінің көңіліне қатты тиетін желідегілердің сынына жауап беруді жөн көріпті.
«Менің оқырмандарым: «Сіз неге қазақша сөйлемейсіз», «Қазақша түк білмейді», «Орыс болып кеткен, қазақ емес» деген секілді көңілге тиетін түрлі сөз айтады. Құрметті, менің оқырмандарым, менің қазақшам жаман емес, жүрегім қазақ, қаным қазақ, әке-шешем қазақ, Қазақстанымды, қазақ жерін жақсы көремін», дейді ол видеода.
Видео Баян Алагөзованың парақшасында жарияланды.
[:]