АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Журналист тікелей эфирде тісінен айырылып қалды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

44 жастағы жаңалықтар жүргізушісі Маричка Падалко тікелей эфирде келеңсіз жағдайға тап болды. Украиналық «1 + 1» телеарнасындағы тікелей эфир кезінде оның алдыңғы тісі түсіп қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Видеоны блогер ekulka Instagram парақшасында жариялады. Желі қолданушысы журналистің өзін-өзі сабырлы ұстап, тісінің түсіп қалғанына қарамастан жұмысын жалғастырғанына таңданған. Блогердің сөзінше, Маричканың оның орнында болса, көзіне жас алып, ұяттан жерге кіріп кетер еді. Алайда журналист өзінің кәсібилігін жоғары деңгейде көрсеткен. Желіде пайда болған видеода жүргізуші тісінің түсіп қалғанын байқап, оны байқатпай қолымен алып тастаған. Желідегілер де Маричканың кәсібилігін жоғары бағалады. Олар оның тісінің түсіп қалғанына өкініш білдіргенімен оның эмоциясын басқара алатындығына таңданған.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Только что , в прямом эфире выпал передний зуб у Ведущей????????????Но, молодец, что не растерялась ?? Я б разревелась?

Публикация от ??????? (@ekulka)

Журналистің ерік-жігері мықты екен. Менің камераның алдында жылап қалар едім», — деп жазды пікір қалдырушылар. Естеріңізге сала кетейік, жер сілкінісі кезінде тікелей эфирде сұқбат берген саясаткердің жұртты таңғалдырғаны туралы жазған едік.

Саясаткер камера мен айналасындағы заттардың қозғалып тұрғанына қарамастан өзін еркін ұстаған. Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

https://kaz.nur.kz/1865180-zurnalist-tikelej-efirde-tisinen-ajyrylyp-kaldy.html

[:]