АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Жүрсін Ерман эфиопиялықтармен құда болды (видео)[:]

[:kz]

 

Танымал ақын, айтыс жүргізушісі Жүрсін Ерман Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Аданом Гебрейесуспен құда болды. Белгілі тұлғаның жиені эфипиолыққа осыдан 4 жыл бұрын тұрмысқа шыққан екен, деп хабарлайды Экспресс К.

Әлеуметтік желіде танымал ақын Жүрсін Ерманды құдалықпен құттықтап, сәлем жолдаған ДДСҰ директоры Тедрос Аданом Гебрейесустің видеосы қызу талқыланып жатыр.

Сөйтсек, қазақша шапан киіп, қазақ тілінде тілегін білдірген ДДСҰ директоры Жүрсін Ерманның туған құдасы болып шықты. Танымал ақынның жиені эфиопиялық азаматқа осыдан 4 жыл бұрын тұрмысқа шыққан екен.

«Тедрос Аданом Гебрейесустің баласы менің қызымның қызын алып отыр Айдана деген. Жиенім ғой. Ардақ деген кіші қызымның қызы. Швейцарияда академия, Испанияда магистратура бітірген. Бір баласы бар, үйге келіп кеткен өздері. Сонда кигізген шапан ғой анау. Соны киіп, қазақша шамасы келгенше сөйлеп, өлеңімді оқып отыр. Рахмет. Кімнің қызы қайда шықпай жатыр? Менің қызым ДДҰ бас директорына келін болып барып, оны қазақша сөйлетіп отырса, мен оған неге қуанбаймын?, — дейді Жүрсін Ерман.

[:]