[:kz]
Бала күнінен бері қалада өмір сүріп, кейін ауылға келін болған Айгерім есімді келіншек KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берді.
Бүгінде ол үш баланың анасы атанып, 80 жастағы қайын атасы мен 75 жастағы қайын енесін бағып отыр. Одан бөлек, Айгерім 12 баланың ең кенжесіне тұрмысққа шыққан. Ауыл өмірінен мүлде бейхабар бойжеткен алыстағы кішкентай селоға қалай келін болғанын баяндады. Айгерімнің айтуынша, әке-шешесі молшылықта өмір сүргендіктен, қыз кезінде киіммен де, басқамен де мүлде проблема болмаған. Алайда, ол келін болған соң, бір халат алуға зар болып қалатынын мүлде ойламапты.
«Шыны керек, ауылға келін боп түскенде қатты қиналдым. Бейтаныс бір әлемге кіріп кеткендей болдым. Қыз күнімде түрлі киіпді таңдап киетін едім, бүгінде бір жылда бір халатты әрең аламын
Жастары сексенге келген ата-енемді, әйелімен ажырасқан қайын ағам мен оның балаларын күту оңай болған жоқ. Атам мен енем үлкен кісі болғандықтан, кейде дәрет алудан проблема болып жатады. Осының бәріне сабырлық танытып, кезіңде қаланың ақсаусақ болғаныма күлкім келеді. Анама талай жылап хабарластым. Ол таңдау өзімдікі болған соң, бәріне шыдауым керектігін айтты.
«Енді маған жылап, телефон соқпа» деген соң, анама қиындықтарды айтпаймын», — дейді Айгерім, Айгерім бүгінде ауыл өміріне толық бейімделген. Күйеуі жылқы бағады, өзі сиыр сауып, ешкі бағып, сүтін пайдаланады. Үш мезгіл таба нан жауып, өзінің үш баласынан бөлек, қайын ағасының балаларына қарайды. «Ауылдың күйбең тірлігі жалықтырса да, өзімді бақыты сезінемін. Қаланың ақсаусаусақ қызы едім, ауылдың ибалы келіні болдым. Жолдасыма, балаларыма деген махаббат бәрін жеңді. Қалаға жеті жыл бойы бармаған кездерім де болды. Бірақ қазіргі өмірім өзіме ұнайды, шүкір етемін», – дейді Айгерім.
[:]